RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ бойынша халықаралық олимпиада өтеді

27.03.2026, 16:56 33

Қазақстан бірлескен жұмыс, жаңа идеялар, технологиялар және ұзақмерзімді жобалар үшін ашық. Digital Qazaqstan 2026 форумында сөз сөйлеген Олжас Бектенов осылай деді. 

Премьер-министр Digital Qazaqstan форумы – бұл ірі халықаралық іс-шаралар сериясының бастамасы ғана екенін атап өтті. Биыл елде GITEX Орталық Азия және Кавказ, AI & Digital Bridge, сондай-ақ 100-ден астам елдің қатысушыларын біріктіретін «Болашақ ойындары» өтеді. Тамыз айында жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді. Форумда экономика салаларын цифрландыруға және өңірлерді бірыңғай технологиялық кеңістікке тартуға баса назар аударарылды. Іс шара Digital Almaty платформасын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты. Жиында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары, IT-индустрия, халықаралық компаниялардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшыларды қосқанда үш мыңнан астам делегат бас қосты.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Бүгінде Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа экономикалық модельдің негізіне айналатын кезеңге қадам басты. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл саланың еліміз үшін айрықша маңыздылығын атап өтті. Өздеріңіз білетіндей, биыл Қазақстанда ауқымды саяси оқиғалар мен жаңарулар болып жатыр. Еліміздің азаматтары жаңа Конституцияны қабылдады және онда алғаш рет конституциялық деңгейде цифрлық құқықтар бекітілді. Бұл саланың одан әрі дамуына елеулі серпін беріп қана қоймай, мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын да көрсетеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz