Ташкентте әлемнің 19 елінен 160-тан аса компания өкілдері бас қосқан халықаралық агро көрме өтті. Ауыл шаруашылығы саласының іргелі ұжымдары өздерінің су жаңа технологияларын көпшілік назарына ұсынды.
Қазақстандық кәсіпорындар да өнімдерін көрсетіп, серіктес тапты. Айта кету керек, павилиондардың басым бөлігіне қытай кәсіпорындарының технологиясы жайғасқан.
Қазақстандық компаниялар ауылшаруашылық саласына қажетті инновациялар ұсынды. Көкшетаулық ұжым төрт түлікке қажетті құрама жем дайындайды. Өндіріске енгізілген жаңа технологияның арқасында өнімнің сапасы артып, сұраныс көбейген. Агрокөрмеде қытай компаниялары келісім-шарт жасауға ниет білдірген.
Дмитрий Веревский, Қазақстандық компания өкілі:
- Компаниямыз – Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Біз төрт түлікпен құстарға құрама жем дайындаймыз. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 1 800 тонна өнім шығарады. Қазір 16 мемлекетке экспорттап отырмыз. Осындай көрмелер серіктес табуға жақсы мүмкіндік береді.
Агро көрмеде қытай компанияларының үлесі басым. Аспан асты елі ауылшаруашылық саласына ғылыми тұрғыда ерекше мән береді. Мысалы, желдеткіштер құс фермаларына арналған. Іштегі климатты реттеп қана қоймай, ауа арқылы қоректілердің тәбетін ашатын функциясы тағы бар.
Надира Хаитбаева, ұйымдастыру компаниясының менеджері:
- Әйел Өзбекстанда өтетін көрмелерге қазақстандық компаниялар көптеп қатысады. Инновациялық өнімдері үлкен сұранысқа ие. Жалпы бұл көрме ұлттық компаниялардың шетелдік кәсіпорындармен байланыс орнатуына жақсы мүмкіндік береді. Тәжірибеге жүгінсек, көптеген отандық кәсіпорындар осы көрмеде өздерінің серіктестерін тапты. Ортақ бизнес жүргізіп жатқандары қаншама.
Соңғы жылдары Орталық Азия елдері агро салаға үлкен ден қойып отыр. Ал ауылшаруашылық секторындағы алпауыттар Қытай мен Еуроодақтан серіктестер тапты. Біріккен жобалар жасалуда. Ташкенттегі агро көрме 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Осы аралықта 43 мемлекеттен екі жарым мыңға жуық компания қатысқан.
Тегтер #халықаралық көрме #Ташкент #ауыл шаруашылығы #кәсіпорындарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz