RU
Толық нұсқаға өту

Елордада 40 көшені жөндеуге 12 млрд теңге бөлінді

27.03.2026, 19:47 46

Елорда тұрғындары көшелердегі шұрық-тесік жолдарға қатысты шағым айтып жатыр. Көктемнің алғашқы айында қармен бірге еріп кететін асфальттың сапасына қатысты күмән келтіріп жатқандар да бар. 

Жуырда Алматыға барып келген Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов елорда көшелерінің оңтүстік астанадағы жолдардан әлдеқайда жақсы екенін айтады. Алайда асфальт ортасында пайда болған ойықтардың көлік апатына алып келу ықтималдығын жоққа шығармады.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жалпы жолдың сапасы Астанада Алматыға қарағанда жақсы. Кейбір жерлерде бар. Ал Алматыда қалай айтқанмен күн жылы. Астанада күн салқын болғаннан кейін асфальт жарылады. Уақыт керек. Астана жерасты суына жақын. Жерге салмақ түседі. Бір қорқатыным, Сарайшық көшесіндегі көпір маған ұнамайды.

Биыл жыл соңына дейін елорданың 40-тан астам көшесі жөнделеді. Тротуарлар салынып, жол белгілері жаңартылады. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мамандары осылай дейді.

Жомарт Ережепбаев, қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бөлімінің бас маманы:
- Қала көшелеріндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстары күнделікті жалғасуда. Қазіргі таңда асфальт жұмыстары басталады осы аптадан бастап. Жаз мезгілінде шұңқырларды жамау жұмыстары аяқталады. Биылға 12 млрд теңге қаражат бөлінген. Ол қаржыға 40 көше және де тротуар мен жол белгілері жасалады.

Тозығы жеткен жолдардың осы уақытқа дейін жөнделмеуін әкімдік күн райының құбылмалы болуымен түсіндіреді. Уақытша қолайсыздықты реттеу үшін шұрық-тесік жолдар маскитамен жамалады. Ал келесі аптада жол жөндеу жұмысы қарқын алмақ.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Самат Қазанбаев, Ернар Нысанбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz