RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда кенеге қарсы дәрілеу басталды

27.03.2026, 21:42 41

Көктем келді, кене шықты. Алматыда қауіпті зиянкеске қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары басталды. Сквер, саябақтар мен тау баурайлары, жалпы 2366 гектардан аса аумақ дәріленеді. 

Бұл – бірінші кезеңі. Дезинсекциялық өңдеу жасалған жерге, тақтайша қойылады. Себебі дәріленген парктерге, уақытша кіруге болмайды.

Бүгін Бостандық ауданындағы халық көп келетін президент саябағы дәріленіп жатыр. Мына құрылғыдан будақтаған ақ түтіннің құрамында химиялық перепарат бар. Кенеге қарсы дәрінің адамдарға аса зияны жоқ екен. Дегенмен қауіпсіздік үшін дезинсекцияланған аумаққа кем дегенде үш сағатқа дейін кіруге болмайды.

Сара Тілеубергенова, Бостандық аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:

- Бостандық ауданында 156 гектар аумақ дәріленеді. Одан бөлек тау бөктерлері мен Алмарасан шатқалында 314 гектар жерге дезинсекция жасалады. Дәрілемес бұрын кененің бар-жоғы тексеріледі. Дәрілеудің бірінші кезеңі наурыз айында, екінші кезеңі мамыр айында жүргізелді.

Күн жылынса алматылықтар да, қалаға келетін қонақтарда Алатауға серуендегенді ұнатады. Сондықтан адам көп баратын Бұтақты, Қарғалы, Медеу мен Көктөбенің баурайын дезинсекциялауға ерекше күш салмақшы. Мамандардың айтуынша, Алматыда кененің «Иксодес персулькатус» және «Дермацентор» сынды екі түрі көп кездеседі.

Бибігүл Нұрғалиева, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

- Осы наурыз айынан бастап кене шағудан мониторинг жүргізіледі. Осы мониторинг деректері бойынша біздің эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері медициналық ұйымға 78 адам кене шағумен көмекке жүгінген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде болып отыр. Былтырғы жылы осы кезеңде 79 адам көмекке жүгінген.

Айта кетейік, осы маусымда адам өміріне қауіпті кене инфекциясы тіркелмеген. Дегенмен абай болу керек. Мысалы, табиғат аясында ашық түсті әрі жабық киім кию қажет. Оған қоса кенеге қарсы спрей де артық етпейді. 

Авторлары: Аршын Кемелжан, Айдос Қалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz