RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде геологиялық деректер толық цифрландырылады

28.03.2026, 10:00 53

Елде геологиялық деректер шілде айының соңына дейін толық цифрландырылады.

Қазір бұл жұмыс 97 пайызға жетіп тұр. Ал келер жылы жасанды интеллект көмегімен барлық ақпаратты сурет форматына ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық инженерлік академия Президиумының көшпелі отырысында айтылды. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік геологиялық пайдалы қазбаларды іздеудің  жаңа масштабы енгізілмек. Яғни кен орындарын айқындауды 200 мыңдық масштабтан 50 мыңдық масштабқа ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әлеуеті мол учаскелерді анықтап, жер қойнауындағы жаңа пайдалы қазбаларды зерттеуге оң әсер етпек.

Қанат Ерубаев, ҚР ӨҚМ геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Бұл не үшін қажет? Ертең жаңа жерлер игеріледі, ал осы жұмыстың нәтижесі бойынша әлеуеті жақсы аумақтар анықталады. Содан кейін анықталған учаскелер аукционға қойылады. Мысалы, екі жыл бұрын біз Арал шөгінді бассейнін зерттеуді аяқтадық. Онда 20-дан аса перспективалы аумақ анықталды. Олар биыл пайдалы қазбаларды барлау үшін аукционға қойылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz