RU
Толық нұсқаға өту

GRECO ұйымымен әріптестік нығаяды

28.03.2026, 12:45 46

Қазақстан делегациясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы – GREСO-ның 102-пленарлық отырысына қатысты.

Кезекті жиын Францияның Страсбург қаласында өтті. Басқосуда ұйым ұсынымдарының елімізде орындалу барысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жүйені дамыту бойынша кешенді жұмыстар туралы баяндалды. Қаржылық тергеулерді дамыту, құқық қорғау органдары арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу мәселелері қамтылды. Іс-шара аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары және құқық үстемдігі жөніндегі Бас директоры Джанлука Эспозито және GRECO Бюросы мүшесі, Кипр делегациясының басшысы Алексиа Калисперамен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты нығайту және тиімді тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.   

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Бұндағы негізгі мақсат қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, және де осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру. Бұл тұрғыдан Қазақстанда үлкен жұмыс жасалынып жатыр, заңңамалық тұрғыдан көптеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер қалыптасты және қамтамасыз етілді. Әлі де алдағы уақытта жасалынатын жұмыстар жеткілікті. Сондықтан бірінші екінші раундта бізге берілген ұсыныстар бойынша талқылама жұмыстар өткізілді. Басқа ұсыныстар бойынша зерттеулер жүргізетін боламыз.    

Сондай-ақ қазақстандық делегация Парижде өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық форумына қатысты. Жиында Қазақстан үшін осы ұйымның шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беруге қарсы Конвенциясына қосылу стратегиялық басымдықтардың бірі екені атап өтілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz