Елде көшкін жүруі мүмкін аймақтарда 110 ескерту белгісі орнатылды. «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.
Республика бойынша 378 жерүсті тексеру жүрді. Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жалпы көлемі 175 мың 600 текше метр қар көшкіндерінде өздігінен түсу дерегі тіркелді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 113 мың текше метрден астам қар массасында алдын алу шарасы өтті. Құтқарушылар көшкіндердің жүруіне түрткі болатын беткейлерге шықпау туралы ескертеді. Мамандар әзірге таулы аймақтарға барудан бас тартуды ұсынады.
Тегтер #ТЖМ #қар көшкіні #қауіп #мониторингPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz