RU
Толық нұсқаға өту

«Бәйтерек» холдингі мен Astana Hub күш біріктірді

28.03.2026, 19:38 45

«Бәйтерек» холдингі мен Astana Hub технологиялық кәсіпкерлікті қолдау мақсатында күш біріктірді. Шымкентте қол қойылған келісім отандық IT-стартаптар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. 

Құжат Digital Qazaqstan 2026 форумында рәсімделді. Аталған алаңда жасанды интеллект пен болашақ экономикасының дамуы талқыланды. Серіктестік нәтижесінде стартаптар жеңілдетілген қаржыландыруға, кепілдік қолдауға және инвестициялық бағдарламаларға қол жеткізбек.

«Бәйтерек» холдингі мен Astana Hub келісімге келіп, елдегі стартаптардың халықаралық нарыққа шығуына жол ашпақ. Бұл құжат қаржыландырудың қолжетімділігін арттырып, технологияларды дамытады. «Бәйтерек» холдингі мен Astana Hub келісімге келіп, елдегі стартаптардың халықаралық нарыққа шығуына жол ашпақ. Бұл құжат қаржыландырудың қолжетімділігін арттырып, технологияларды дамытады. Сонымен қатар елдің жаңа цифрлық экономикасын қалыптастырып жатқан кәсіпкерлерді қолдайды.

Рустам Қарагойшин, «Бәйтерек ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

- ЖИ өмірдің бүкіл салаларына кіріп жатыр. Сондықтан холдингіміз басынан бастап осындай жобаларды қолдап келеді. Оның ішінде Bi Global деген венчурлық қорымыз бар. Сол арқылы да көмектесіп жатырмыз.

Бүгінде қазақстандық IT-компаниялар шамамен 1,5 миллиард доллар көлемінде қызмет экспорттайды. Негізгі міндет осы жобалардың қарқынын одан әрі үдету. Енді стартаптар несиеге, инвестицияға және экспорттық келісімшарттарды сақтандыруға үміт арта алады. Бұдан бөлек, кепілсіз IT-жобаларды қаржыландыру мәселесі де қарастырылады.

Үсен Ғалым, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Біз кәсіпкерлерімізге 70-ке жуық қаржы құралдарын ұсынамыз. Көптеген құралдың ішінен өзіне ең тиімдісін табуы үшін оған жасанды интеллект көмектесіп жатыр. Бүкіл еншілес ұйымдарымыздың сол білім қорын білім базасын бір орынға жинадық.

Қазір жасанды интеллект бизнесте нақты нәтижелер көрсетіп жатыр. Чат-боттар кәсіпкерлерге кеңес береді, алгоритмдер өтінімдерді өңдеуді жеделдетеді, ал аграрлық салада нейрожелілер техниканың диагностикасын жүргізуге септігін тигізіп келеді. 

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Нұрмахан Мұсатов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz