RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында 9 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр

29.03.2026, 14:00 42

«Елу жылда - ел жаңа» демекші, 50 жылдан асқан Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмысы басталды.

Жобалық құны 3 млрд теңгеден асады. Құрылыс келер жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған. Күрделі жөндеуден өткізілген вокзал ғимараты тәулігіне 5 мың жолаушы қабылдайтын болады. Биыл Үкіметтің қолдауымен қолға алынған «Өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы» аясында «Атырау-Актөбе» және «Атырау-Астрахань» бағытындағы 8 стансада теміржол вокзалы жаңартылатын болады. Жетеуінің құрылысы шілде айында аяқталады деп жоспарланған.

Бүгінде құрылыс алаңында жаппай демонтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жоба толық жүзеге асқанда осы перроннан бастап күту залының өзі 1,5 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ ана мен балаға арналған орындар, басқа да осындағы жолаушылар үшін қажеттіліктің барлығы қамтылады,- дейді мамандар.

Бұл ғимарат 1972 жылы салынған болатын. Мұнайлы өңірдің бас қақпасы саналатын теміржол вокзалы арқылы тәулігіне 2,5 мыңдай  жолашуы өтеді. Сондықтан 50 жылдан астам уақыт жаңартылмаған ғимараттың тозығы жеткені өз алдына, сыйымдылығы да сын көтермейтін. Енді қайта жаңғыртылған ғимарат халықаралық стандарттарға толық жауап беретін болады

Аралбай Қосымбаев, «Атырау магистриалдық желі бөлімшесі» филиалының директоры:

- Қасынан 13,5 метр қосымша шағын вокзал салынады. Оның мақсаты 2-3 жолға бұрын жерасты туннель арқылы өтетін болса, ол мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалмаған болатын. Жасалып жатқан жоба бойынша 2-3 бағытқа аспалы көпір арқылы лифтімен көтеріліп, эскалатор ұйымдастырылады. Оның бәрі жобада бекітілген.

Жоба бойынша вокзал ғимаратын қайта жаңғырту 2027 жылдың шілде айында аяқталуға тиіс. Әзірше жолаушылар үшін 2-3-жолға шығу бағыты өзгертіліп, билет кассалары ғиамарттың алдына көшірілді. Жалпы биыл Атырау облысында осындай 8 стансаның ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Олардың әрқайсысының құны көлемі мен құрылысына қарай 150-180 млн теңге шамасында. Жобаның жүйелі жүзеге асуына жергілікті билік те мүдделі.

Данияр Ғарифулла, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

- 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында Сағыз, Мақат, Доссор, Аққыстау және Ганюшкино Мұқыр, Жамансор вокзалдарының құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Аталған жобалар EPS-контракт негізінде жүзеге асырылуда.

Тоғыз жодың торабында тұрған Атырау стансасы арқылы тәулігіне 6 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Жоба толық жүзеге асқанда ішкі жолаушылар тасымалы жанданып, туристер үшін де  қолайлы жағдай қалыптаспақ. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz