Robotek Grand Tournament чемпионатында 100-ден астам оқушы бақ сынады.
Өңірдің қала-аудандарынан жиналған жас өнертапқыштар жобаларын таныстырып, техникалық шеберлігін көрсетті. Айта кеткен жөн, әрбір оқушы роботтарды нақты тапсырмаларды орындауға бейімдеген. Бұл баскетболшы-роботты үржарлық оқушы Ералы Еркіннің құрастырған. Робот арнайы алаңда қозғалып, доптарды жинап нысанаға дәл түсіреді. Бұл жобаны жасауға жас өнертапқыш бір айдан астам уақыт жұмсаған.
Ералы Еркін, оқушы:
- Шариктер тұрған жерге сызық бойынша барады, шариктерді алады. Сосын бағдарлама бойынша өзі барып, автоматты түрде шеңберге салуы керек. Мені бұл салаға информатика мұғалімім қызықтырды. Өзіме роботтарды құрастыру ұнайды.
Жаннұр Нұрекешова, информатика пәнінің мұғалімі:
- Осы командалық жұмыс барысында оқушыларымның әрқайсысының өз рөлі бар. Біреуі роботты құрастырумен айналысса, екінші оқушым бағдарламалаумен айналысады. Ал мен жетекші ретінде оқушыларыма тек қана бағыт-бағдар беріп, кез келген уақытта дұрыс шешім қабылдауға үйреттім.
Ал мынау «Жас қыран» деп аталатын робот арнайы датчиктермен жабдықталып, бағдарламалармен жабдықталған. Түрлі командалар атқарады. Сонысымен көпшіліктің қызығушылығын тудырған.
Әбдінұр Әнуарбек, оқушы:
- Мұнда жаңадан достар іздейсің. Роботтардың жаңадан дизайндарын қарап, істеуге тырысасың. Мысалы, түрлі дизайндағы роботтар бар, өзі шапшаң жүреді.
Арайлым Бекжанова, облыстық Дарын орталығының әдіскері:
- Қызыкушылықтары керемет. Жақсы қатысуда. Жас инженерлеріміздің де қызығушылықтары жоғары. Өздері жөндейтін жерлерін жөндеп, өзгертіп жатыр. Оның барлығы жас инженерлеріміздің дамып келе жатқанын көрсетеді.
Байқау жеті түрлі санат бойынша өтті. Олардың қатарында сызық бойымен жарыс, инверстік бағыттағы қозғалыс және жеткізуші роботтар сайысы бар. Әрбір кезең қатысушылардың техникалық білімін ғана емес, логикалық ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденісін де талап етті.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #роботтар #оқушылар #Семей #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz