RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда ер адам су ортасында қалып қойды

30.03.2026, 09:05 59

Петропавлда ер адам судан өтем деп, өзеннің ортасында қалып қойды. Жұқа мұз жарылып, ары қарай өтуге мүмкіндік болмаған. 

Оқиға Есіл өзенінің бойындағы саяжай тұсында болған. 54 жастағы ер кісінің көмекке шақырған дауысын сол маңда жүрген адамдар естіп құтқарушыларға хабар берген. Құтқарушылар: «Алғаш рет кезекшілікке шыққан жаңа аэроқайықтың көмегі тиді», - дейді. Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі мұз өте қауіпті екенін ескертеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz