RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Халықаралық Аралды құтқару қорының кеңесі өтеді

30.03.2026, 10:49 63

22 сәуірде Астанада Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекет басшыларының кеңесі өтеді. Бүгін Үкімет басшысы қордың басқарма мүшелерімен кездесіп, дайындық мәселелерін пысықтады. 

Аталған қор 30 жылдан астам уақыт бойы Орталық Азия елдерінің су, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері талқыланатын өңірлік алаңға айналып отыр. Олжас Бектенов Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде су есебін жүргізудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізудің тиімділігін атап өтті. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында су ресурстарын пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенцияны әзірлеуді қолдайды. Бұған дейін Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымы  аясында халықаралық су ұйымын құру бастамасын ұсынған болатын. Бұл күш-жігерді біріктіріп, қосымша ресурстарды тартуға және өңірлік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz