RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында бірқатар автожолды қарғын су басты

30.03.2026, 12:25 62

Денисов ауданындағы Аршалы мен Набережный ауылдарын байланыстыратын жолды су шайып кетті. Сонымен қатар Арқалық пен Торғай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Қостанай ауданындағы Мичурин ауылының Астана және Восточный шағын аудандарында қарғын судан қауіп бар. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері далалық алқаптардан келген судың бағытын бұру үшін арықтар қазып жатыр. «Тұрғын үйлер мен аулаларды су басқан жоқ», - дейді жауапты мамандар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz