RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда мемлекеттік алимент қоры құрылуы мүмкін

30.03.2026, 13:30 50

Мәжіліс депутаттары осындай бастама көтеріп отыр. Егер бала айлар бойы тиісті төлемді ала алмаса, онда оған қаражатты уақытша қор төлейді. 

Бұл қаржы бюджеттен тыс түсімдерден қаржыландырылуы мүмкін. Төменгі палата депутаты Магеррам Магеррамовтың дерегінше, қазіргі таңда елдегі алимент бойынша берешек көлемі 18 миллиард теңгеге жетіпті. «Қарыз жыл санап өсіп келеді», - дейді халық қалаулысы. Сондықтан мәселені жүйелі түрде шешу қажет. Әділет министрлігінің ақпарынша, өткен жылы 4824 борышкер әкімшілік, 380-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қарызы бар тұлғаларға, заңмен қарастырылған барлық мәж-бүрлеп орындату шаралары қолданылып келеді. Жекелеген борышкерлер қаржылық мүмкіндіктері бола тұра, балаларына көмек беруден жалтарады. Мұнымен қоса өз мүлкін жасыратындар да жиі кездеседі. 

Бибігүл Жексембай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Борышкерлер табысын жасырады, жалған жұмыссыздықты рәсімдейді, мүлікті үшінші тұлғалардың атына аударады. Соның салдарынан мемлекет борышкердің нақты қарызын жағдайын толық көре алмай отыр. Атқару жүйесі де бөлшектенген.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz