Қылмысқа қатысы бар бес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті хабарлады.
Елдің оңтүстігінен ірі есірткі жеткізу арнасын құрған топ Жезқазған-Қарағанды автожолында ұсталды. Көлікті тексеру кезінде 13 пакетке салынған марихуана тәркіленді. Оның көлемі шамамен миллионға жуық бір реттік дозаға тең.
Данияр Мейірхан, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы:
- Оның қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына жетеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Тегтер #есірткі #қылмыс #Ұлытау облысы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz