RU
Толық нұсқаға өту

Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды

30.03.2026, 15:05 48

Кейінгі кезде жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүр мен көпғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамына қатысты теріс пікірлері жаһандық желіде желдей ескені мәлім.

Олардың дені жалған діни тұжырымдарға негізделіп, салдарынан қоғамда жаңсақ түсінік қалыптасты. Аталған әрекеттер ел Конституциясының зайырлылық қағидатына қайшы келіп қана қоймай, қоғамдық келісім мен ұлтаралық, дінаралық тұтастыққа қауіп төндіруі ықтимал. Сондай-ақ мұндай мәлімдемелер ұлттық құндылықтарға нұсқан келтіріп, қоғам санасына кері әсер етері анық. Сондықтан Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан тартынуға, Қазақстан халқының мәдени және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға және қоғамда алауыздық пен жанжал туғызуы мүмкін мәлімдемелерге жол бермеуге шақырады. Жалған ақпарат тарату және ел ішінде алауыздық туғызу фактісі қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескерген жөн.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz