RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында бірқатар жолды су басты

30.03.2026, 16:10 46

Соңғы тәулікте қардың жылдам еруіне байланысты Қостанай облысындағы бірнеше автолжолды су басты.

Атап айтсақ, Денисов ауданындағы Аршалы мен Набережный ауылын байланыстыратын жергілікті маңыздағы жолдың үстін су шайып кетті. Бірақ балама жол болғандықтан, елді мекенмен көлік қатынасы үзілген жоқ. Сондай-ақ Арқалық-Торғай аралығындағы облыстық маңызы бар автожолды да су басып, қозғалыс шектелген. Қостанай ауданындағы Мичурин ауылының Астана, Восточный шағын аудандарына қарғын су қауіп төндірді. Көше жолдары жырылып, ағынды су арық бойымен жіберілді. Соның арқасында тұрғын үйлер мен аула аумақтарына су жеткен жоқ. Жалпы облыс бойынша жағдай тұрақты, толық бақылауда, - дейді мамандар.

Алмас Төлендин, Қостанай облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Өңірде тасқын судың қаупі әлі сейіле қойған жоқ. Сондықтан тас-түйін дайындықтамыз. Облыстың оңтүстік аудандарына 6 мобилді топ жіберілді.  Олар күні-түні күн райын бақылап, мониторинг жасайды. Оның сыртында Ұлттық гвардия жасақтарымен, әскерилермен бірлесіп, ауыл аймақтарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Жалпы қазіргі жағдай тұрақты деуге болады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz