Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерін суық қарумен қорқытқан ер азамат ұсталды. Заңға қайшы әрекет Жетісу ауданында болды.
Полиция департаменті мәліметінше, медициналық бригада шақырту түскен соң көмекке келген. Сол жерде науқастың ұлы мас күйде болған. Ол дәрігерлерге пышақ пен қайшы кезеген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылып, күдікті қамауға алынды. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық Кодекстің 380-3 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаны жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Заң мен тәртіп #суық қаруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz