Қазақстанда автожолдардағы ахуал жақсарды. «ҚазАвтоЖол»-дың хабарлауынша, су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 1,5 есе азайды.
Ал олардың жалпы ұзындығы 206 шақырымнан 83 шақырымға дейін қысқарды. Сонымен қатар жолға су жайылу жағдайлары да жоқтың қасы. Саладағы инфрақұрылымды дамыту оң нәтиже берді. Былтыр 600-ге жуық су өткізу құбыры орнатылса, биыл тағы 201 құбырды жөндеу жоспарланған. Бұл қар ерігенде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар. «Дегенмен су тасқыны жағдайы жыл сайын өзгеріп отырады. Кей жерлерде жаңа қауіпті учаскелер пайда болуы мүмкін. Бұл жер бедеріне, қардың еру қарқынына, температураның ауытқуына және су қоймаларындағы су деңгейіне байланысты», - дейді мамандар.
Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- Жалпы ұзындығы 25 мың шақырым автожолдар желісінде 1 429 көпір және 15 458 су өткізу құбыры бар. Су тасқынына дайындық аясында олардың барлығы толық тазартылды. Қазіргі таңда еріген суды өткізу үшін 974 құбыр пайдаланылуда. Су тасқынына қарсы жұмыстарға 988 бірлік техника тартылып, арнайы кезекші бригадалар жасақталған. Барлық қызметтер проблемалық учаскелерге жедел шығуға дайын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #тасжол #құрылысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz