RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан

30.03.2026, 19:40 43

Жыл басынан бері Абай облысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану бойынша 16 құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды.  

Жуырда «Профилактика» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тағы бір заңсыздық әшкереленді. Қалбатау ауылындағы құрылыс нысандарының бірінде полицейлер рұқсат құжаттарынсыз еңбек етіп жүрген төрт шетел азаматын анықтады. Олардың ешқайсысында заң талаптарына сай құжаттар болмаған. Аталған дерек бойынша іс аудандық соттың қарауына жіберілді. Ал соңғы үш ай ішінде өңірде көші-қон заңнамасын бұзудың 120 дерегі тіркелген.

Тимур Айтқажы, Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Жедел-профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз еңбек қызметінің алдын алу. Шетел азаматтары Қазақстан аумағында тек заң талаптарына сай еңбек етуі тиіс. Осы бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Әсіресе жұмыс берушілер заң талаптарын қатаң сақтауы қажет. Заң бұзушылықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz