RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да ауыл мектебі ерекше мәртебеге ие болды

30.03.2026, 20:10 42

Шығыс Қазақстандағы аядай ауыл мектебі Орталық Азияда алғаш болып Google Reference School мәртебесіне ие болды.

Осылайша, Қатонқарағай ауданы Өрел ауылындағы білім ошағы инновациялық білім беруді игерген әлемдегі үздік мекемелердің бірі болып тіркелді. Бұл елімізде іске асырылып жатқан «Digital Bala» жобасы  барысында  анықталған нәтиже. Аталған жоба Google-дің білім беру саласындағы жетістіктерін мектеп бағдарламасында қолдануға ерекше мән береді. Өрелдегі мұғалімдер осыған сай арнайы семинарларға қатысып, білімдерін жетілдірген. Олар қазір сабақта жасанды интеллект түрлерін еркін пайдаланып, оқушыларға да онымен жұмыс істеудің тиімділігін үйретіп жүр. Бүгінгі күні ауыл балалары өз бетінше жеке цифрлық жоба жасауды да меңгеріп алған.

Анна Артемьева, Google For Education жобасының Еуропа, Африка және Таяу Шығыс елдері бойынша өңірлік жетекшісі:

- Өрел мектебі инноваторлар сапындағы Лондон, Нью-Йорк, Токио мектептерінен қалыспай, әлемдік қоғамдастыққа еніп отыр. Енді бұл білім ошағы осы тәжірибені елдегі және Орталық Азиядағы өзге мектеп ұжымдарына үйрете алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz