RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында «7 Оzen» экологиялық акциясы өтті

30.03.2026, 20:50 45

Жетісу облысында «7 Оzen» акциясы аясында Көксу өзенінің жағалауы тазартылды.

Ауқымды сенбілікке Кербұлақ, Ескелді және Көксу аудандарынан 7 мыңнан аса адам қатысты. Көпшіліктің атсалысумен 450 гектар аумақтан қураған шөп, ағаш бұталары мен тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар екі мыңнан аса көшет егілді. Аймақтық деңгейде қолға алынған игі шара өткен аптада басталған болатын. Ендігі кезекте Лепсі, Іле, Басқан, Ақсу жағалауында тиісті жұмыстар жүргізілмек. Осылайша «Таза Қазақстан» жалпыұлтттық экологиялық акция шеңберінде өңірдегі жеті өзеннің жиегі ретке келтіріледі.  

Галина Дмитриева, Кербұлақ ауданының тұрғыны:                             

- Бұл жерге туристер көптеп келеді. Олар табиғатымызға тамсанып кетеді. Біздің Көксу ауылымыз бұдан да жақсы болып көркейгенін және балаларымыздың әдемі жерде тұрғанын қалаймыз. Сондықтан осы ағаш көшеттерін егіп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz