Қазақстан мектептері бірыңғай үлгіде безендіріледі. Ондағы дизайн ұлттық құндылықтарға негізделеді.
Игі бастама «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Құжатта бағдарламаның негізгі құндылықтары мен идеясын айқындайтын көрнекі шығармашылық стильдер, түстер палитрасы, макеттер және мектеп кеңістігін заманауи форматта безендіруге арналған элементтер ұсынылған. Бағдарлама мазмұнына сәйкес білім беру ұйымдары үшін бірыңғай дизайн-код қалыптастырылып, мектептердің ішкі кеңістігін брендбук талаптарына сай кезең-кезеңімен безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір 267 мектепте көрнекі элементтерді орналастыру жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта дизайн-код реновация бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептерде енгізіліп, кейін еліміздің барлық білім беру ұйымдарына таратылады.
Айжан Мағауия, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері:
- Жаңадан салынып, жаңадан ашылып жатқан мектептерде осы брендбук толық енгізіліп жатыр. Үлгісі ұсынылды. Ол жерде мысалы, қазақ тілі, әдебиеті пәні кабинетінде Абайдың нақыл сөздері, ұлы тұлғалардың нақыл сөздері, олардың фотосуреттері берілген де, химия пәнінде, физика пәнінде элементтерге байланысты. Мысалы, ұлы тұлғалардың фотосуреттері беріледі де, олардың ұлағатты ойлары жазылып тұрады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мектеп #ұлттық үлгі #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz