RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында Ұлттық парк аумағына 34 сұңқар жіберілді

30.03.2026, 22:30 62

«Алтынемел» ұлттық паркіне Сауд Арабиясынан 34 сұңқар әкелінді. Қызыл кітапқа енген құстар енді кезең-кезеңімен еркіндікке жіберіледі.

Олардың әрқайсысына GPS құрылғысы орнатылған. Сол арқылы тіршілік ететін аймағы және миграциялық жолы анықталады. Мәліметтер жинақталып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Ителгілерді ерекше қорғалатын аймаққа жерсіндірудің өзіндік мәні бар. Біріншіден, ұлттық парк аумағында азық қоры жеткілікті. Екіншіден, балапан басып көбеюіне мол мүмкіндік бар. Мамандар жер бетіндегі ең жылдам құстың әлем бойынша небәрі 14 мың жұбы қалған деп есептейді. Аталған жоба жойылу қауіпі төніп тұрған лашындардың популяциясын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. 

Ахмад Әлхибаби, «Хадад» Сұңқарлар клубының вице-президенті:

- Қазақстан Орталық Азиядағы ителгінің миграциялық жолындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Екі елдің мыңжылдық тарихында сұңқарларға ерекше құрмет көрсетіледі. Демек мақсат-мүддеміз бір арнаға тоғысып отыр. Құстарды сақтап қалу және көбейту ісінде өзара тәжірбие алмасамыз деп сенемін.

Қуат Байтұрбаев, «Алтынемел» МҰТП директоры:

- Бұл жоба үш жылға созылады. Биыл біз 34 бас қана жіберіп отырмыз. Келесі жылы жоба бойынша 150 бас сұңқарларды жібереміз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz