RU
Толық нұсқаға өту

Әр тасталған қоқыс табиғатқа зиян келтіреді

30.03.2026, 23:20 49

Алматыдан жыл сайын шамамен 400 мың тонна қалдық шығарылады.

Бүгін еліміздегі ең ірі қоқыс өңдеу кешендерінің бірінде журналистерге арналған пресс-тур ұйымдастырылды. Мамандар қоқыстың келіп түсуінен бастап, оны сұрыптауға дейінгі жұмыс барысын көрсетті. Айта кетсек, мұнда тәулігіне орта есеппен мың тоннадан астам қалдық әкелінеді, оның тек аз ғана бөлігі қайта пайдалануға жарамды. Олар: қағаз, пластик, шыны және металл. Сұрыпталған шикізаттар арнайы қайта өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі.

Саян Ақбалаев, компанияның қаржы жөніндегі директоры:

- Барлығы сұрыпталудан өтеді. Тек соның ішінде тек әрі қарай қайта қолданысқа өндіріске кететін материалды сұрыптап алып, соны ғана сұрыптап аламыз. Қалған көлемін орташа есеппен алғанда 80 пайыз қалдық ішінде екі категориядан тұрады. Біреуі органикалық қалдық, біз ішіп жеген ас қалдықтары 40 пайызын құрайды. Қалғаны әртүрлі материалдар араласып кеткен. Сондықтан сұрыптауға келмейді.  Солардың барлығы біздің қалалық полигонға көмуге жеткізіледі.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz