RU
Толық нұсқаға өту

Алғашқы академиялық археологиялық экспедицияға 80 жыл толды

31.03.2026, 09:19 50

Елдегі алғашқы академиялық археологиялық экспедицияға 80 жыл толды.

1946-1949 жылдары Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен жүргізілген экспедицияны атақты ғалым, тарихшы, археолог Әлкей Марғұлан басқарған. Осыған орай Алматыдағы Орталық музейде көрме ашылып, Орталық Қазақстаннан жеткізілген 300-ге жуық жәдігер қойылды. Мұнда Атасу, Беғазы, Ақшатау, Бұғылы секілді 14 қорымнан табылған қыш ыдыстар, әшекейлер, қару-жарақ және ат әбзелдерін көруге болады. Бұның барлығы біздің заманымызға дейінгі көшпелілердің тұрмысын, мәдениетін және әскери ісін айқын көрсетеді. Одан кейін Орта ғасырда қолданған қасбеттік тақталар, тас мүсіндер мен қыш ыдыстар сәулет өнерінің жоғары деңгейін көрсетеді. Жалпы Орталық Қазақстаннан 2 мыңнан аса жәдігер табылған. 

Нәбира Төрежанова, ҚР Ұлттық орталық музейі археология бөлімінің жетекшісі:

- Одан басқа Бесоба, Сарматтар, Сармат мәдениетін дәлелдейтін сондай әдемі бірегей материалдар қойылып отыр. Олар тас, ғұрыптық бұйымдар, сармат кезеңіндегі жебенің ұштары, әртүрлі айналар, пішіндегі. Жебе ұштары, сүйектен жасалған, қоладан темірден жасалған жебе найза ұштарын көріп тұрсыздар көрмеде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz