Инклюзияны қолдау – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты қағидаттардың бірі.
Сенат жанынан құрылған Инклюзия жөніндегі кеңестің отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Жиынға депутаттар мен салалық ұйымдардың мамандары қатысып, мүгедектігі бар балалар мен ересектерді оңалтудағы инклюзивті спортты дамытудың маңызын талқылады. Мәулен Әшімбаев жаңа Конституциядағы адам құқықтары мен бостандығының ең жоғары басымдыққа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы инклюзивті қоғам қалыптастыруға және әрбір азаматқа өз әлеуетін толық іске асыруына қажетті жағдай жасауға ерекше мән беріп отырғанын жеткізді. Айта кету керек, елімізде аталмыш салаға бейімделген 16 клуб пен 2 мамандандырылған спорт мектебі бар. Онда 8 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар спортшы жаттығады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- 15 наурызда Қазақстан халқы болып Президентіміз ұсынған еліміздің басты заңы Конституцияны қолдады. Жалпы ондағы ең негізгі басымдық ол адамдардың құқықтарын қорғау, мүдделерін қамту. Осы тұрғыдан жалпы мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, қолдау, жаңа белестерге мүмкіндік ашып беру – мемлекет алдында тұрған ең негізгі мақсат. Бұл Конституциядан туындайтын мақсат-мұраттар. Осы бағытта барлығымыз әрі қарай да бірігіп, нәтижелі жұмыс істейміз деп сенеміз.
Тегтер #инклюзия #кеңес отырысы #СенатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz