RU
Толық нұсқаға өту

Ғылымға бөлінетін бюджет алты есе өскен

31.03.2026, 17:20 54

Президент пәрменімен соңғы алты жылда ғылымға бөлінген бюджет алты есе ескен. Ал биылдан бастап салаға салынатын инестицияғаларға салықтық жеңілдіктер енгізілді. 

Осылайша, мемлекет ғылым мен инновацияны дамыту үшін қолайлы жағдай жасап жатыр. Технологиялық хабтарға да көптеп көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Курчатовтағы ғылыми қалашық, Алматыдағы Ядролық физика институты және Астанадағы технологиялық парктер. Болашақта Үкімет жанынан инновациялық штаб құрылып, идеядан өнімге дейінгі инновациялық экожүйенің барлық қатысушыларының күшін жұмылдыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұдан былай ғылыми жетістіктер облыс жоспарларына және әкімдердің рейтингтеріне енгізілетін болады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Мемлекет басшысы жақында өткен ғылыми қоғамдастықпен кездесуінде ғылымды қаржыландыру мен жаңа технологиялар енгізуден нақты нәтиже күтетінін баса айтты. Ғылым министрлігі Ғылым академиясымен, ғалымдармен және бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, бір ай ішінде ғылыми-инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын дайындауы қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz