Ташкентке ресми сапармен барған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев өзбекстандық әріптесі Бахтиёр Саидовпен кездесті.
Ведомство басшылары әуелі шағын құрамда келіссөз жүргізіп, қазақ-өзбек байланыстарын тереңдету мүмкіндіктерін талқылады. Кейін кеңейтілген отырыста министрлер стратегиялық және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар серіктестіктің келешек жоспары қаралды. Атап айтқанда, тараптар экономика, өнеркәсіптік кооперация және мәдени-гуманитарлық сектордағы жобаларды бірлесе ілгерілетуге уағдаласты. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.
Тегтер #Ташкент #Өзбекстан #ынтымақтастықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz