Жетісу облысында жер сілкінді. Оның ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте болған.
Мамандардың мәліметінше, жерасты дүмпуі Текелі мен Жаркент қаласында, сонымен қатар Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ. Тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеген.
Елдар Тұрсынов, ТЖД басқарма бастығы:
- Жер сілкінісінің сезілуі Жетісу облысының аумағында Жаркент, Текелі қалаларында және Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында екі балл деңгейінде тіркелді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Тұрғындарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.
Тегтер #жер сілкінді #Алматы #Жетісу облысы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz