«Самұрық-Қазынада» қолданылатын жасанды интеллект жобаларының тиімділігі 700 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Ұлттық компания цифрлық кезеңге нық қадам басып, жуық арада тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ, телекоммуникация және көлік салаларында 60-тан астам цифрлық жобаны жүзеге асырмақ. Олардың мақсат-міндеті, күтілетін нәтижесі қандай?
Мемлекеттік қызметте жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану бүгінде –заман талабы. Бұл тұрғыда «Самұрық-Қазына» компаниясы да еліміздің бірқатар саласына озық жобаларын енгізіп келеді. Олардың экономикалық тиімділігі 711 миллиард теңгеден аспақ.
Абылайхан Оспанов «Самұрық-Қазына» АҚ Цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры:
- «Әр түрлі жобалар. Мысалы, КТЖ-да жасанды диагностика жобасы, КЕГОК бойынша жасанды интеллектіні қолданып, осы электроэнергетиканың қуатын жедел, онлайн түрде қадағалау жобасы, «Қазатомпром» бойынша Капэйай жобасы енгізіліп жатыр. Ол яғни бүкіл өндіруші станцияны цифрлық жобаға енгізіліп, бүкіл қолданылатын жабдықтарды барлығын жасанды интеллект тапсырма беріп қадағалау жұмыстарын атқарады.
Қазірдің өзінде мұнай-газ секторында 30 мың ұңғыма орнатылып, олардың әрқайсысына 150-ден астам параметрді талдайтын Су айдау процесін басқару жүйесі қойылған. Жүйе жер қабатындағы қысымды бірқалыпты ұстап тұруға және мұнай өндірісін оңтайландыруға ықпал етеді. Оң өзгеріс көлік саласында да байқалып отыр.
Жанна Ақжанова, «ҚТЖ» АҚ Цифрландыру жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы:
- Біздегі бар ақпаратты адамның басқаруынан IT жүйесіне беріп жатырмыз. Осы арқылы негізгі жұмысты автоматты құрылғы орындайды. Қазір «Қазақстан темір жолы» компаниясында жұмыс өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік беретін 23 ЖИ агенті тестілеуден өтіп жатыр.
Әзірге барлық жүйелер пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Келер жылдың соңына қарай ЖИ негізінде қабылданатын басқарушылық шешімдердің үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Авторлары: Назым Кенжебай, Мұрат Әріпханов
Тегтер #СамұрықҚазына #ЖИ #жобалар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz