Абай облысындағы Бозтал ауылында еріген қар суы салдарынан су басу қаупі туындаған еді. Алайда жергілікті билік пен құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеті арқасында жағдай тұрақталды.
Мамандардың мәліметінше, ауылды айнала бөгет салынып, инертті материалдар төселген. Сонымен қатар аумақ тікұшақ арқылы бақылауға алынды. Облыс әкімі оқиға орнына барып, құрылған жедел штабқа нақты тапсырмалар жүктеді. Қазіргі таңда елді мекендегі жағдай тұрақты. Тұрғын үйлерді су басу деректері тіркелмеген. Қауіпсіздік шаралары аясында ауылда 80 орындық уақытша орналастыру пункті дайындалған.
Тегтер #Абай облысы #су басу #қауіп #бақылауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz