RU
Толық нұсқаға өту

Елде электр энергиясына арналған шекті тарифтер өзгеріссіз қалады

31.03.2026, 22:26 52

Энергетика министрлігі осылай деп мәлімдеді. Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Үкімет теңгерімді тарифтік саясатты іске асыруды жалғастырады. 

Қолданылатын тәсіл кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ал бензин мен дизель отынына қатысты баға нарықтық жолмен қалыптасады. Бағаның негізсіз өсіміне де жол берілмейді. 

Бұл мәселе мемлекеттік органдардың жіті бақылауында. Қазір елде жанармай тапшылығы жоқ. Қажетті қор да жеткілікті. Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елде жанар-жағармай бағасы нарықтық қағидаттар негізінде қалыптасады. Үкімет халық мүддесіне басымдық беріп, бағалардың күрт әрі негізсіз өсуіне жол бермейді.

Әсел Серікпаева, ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі, министрдің кеңесшісі:

- Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Қазақстанда теңгерімді тарифтік саясатты іске асыруды жалғастырады. Бұл тәсіл кезең-кезеңімен және атаулы сипатта жүзеге асырылады. Энергетика министрлігі 2026 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясына арналған шекті тарифтер өзгеріссіз қалатынын мәлімдейді. Бензин мен дизель отынына қатысты баға нарықтық жолмен қалыптасады. 

Айта кету керек, былтырғы жылдың желтоқсанында Энергетика министрлігі 2026–2032 жылдарға арналған электр энергиясының шекті тарифтерін бекітіп, оларды 2025 жылғы деңгейде тұрақтандырған еді. 

Нұрлан Болатбаев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:

- Табиғи монополия саласындағы құзырлы органмен коммуналдық желілерді және инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Өткен жылдан бастап тарифтерге мороторий жарияланған және ол биыл аяқталатыны мәлім. Осыдан кейін кезекте табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдері қаралатын болады. Дегенмен тұрғындар үшін тарифтер бірқалыпты және теңгерімді болып жүзега асырылады.

Министрлік жағдайдың тұрақты бақылауда екенін хабарлады. Өңірлерде жергілікті атқарушы органдар, салалық ведомстволар және нарық өкілдерінің қатысуымен жедел мониторинг штабтары жұмыс істеп жатыр. Олар күн сайын баға деңгейін, жанар-жағармайдың қолжетімділігін бақылап отыр.

Авторы: Айнұр Қуатқызы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz