Жалпы көктемде бағасы құбылатын тауардың бірі - дизель. Себебі түсінікті. Егіс науқаны басталады, сұраныс артады.
Дегенмен кейінгі бірер жылда бағаны тұрақтандыруға қол жеткіздік. Өйткені диқандарға көмекқаржы перзеиденттің тапсырмасымен ерте беріледі. Мысалға көктемгі егістікке дайындық үшін яғни тұқым, тыңайтқыш алу, техника жөндеу, субсидия секілді көмектер былтыр күз айынан бастап беріле бастады. Соның арқасында диқандар науқанға дайын. Былтыр да мол өнім алуға сеп болды .
Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ Техникалық жабдықтау басқармасының басшысы:
- Дизель отыны ақпан айынан бастап бөлініп отыр. Жалпы жарты жылға дейін егін науқаны түгел біткенше дизель отыны бөлінеді, сол 402 мың. Жеңілдетілген бағасы 281 теңге литр шаруаларға жеткізіледі. Ал енді өздеріңіз нарықты көріп отырсыздар, қазір АЗС-те кемінде 330-335 теңгеге дейін жоғары болып тұр. 15 пайызға дейін жеңілдетілген бағамен дизель отыны бөлініп отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биылғы науқанға 750 млрд теңге кредиттік қаржы бөлінді. Бұл былтырғыға қарағанда 100 млрд теңге артық. Сондай-ақ шаруалар шығынын субсидиялауға 350 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #дизель отыны #нарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz