RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда теңіз жаяу әскері дрон басқаруды меңгеріп жатыр

01.04.2026, 09:50 59

Елдің теңіз жаяу әскерлері дрон басқаруды үйреніп жатыр. Ақтаудағы әскери гарнизонда ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының сан алуан түрі бар.

Кейбірі алақанға еркін сыйса, енді бірі шағын жүктерді көтеріп қалықтайды. Айта кетсек, биыл Қазақстанның әскери теңіз күштеріне 33 жыл толып отыр. 2 сәуірде тойланатын атаулы мереке қарсаңында теңізшілер озық үлгідегі оқу кабинетімен жарақтанды.

Ереже бойынша теңіз жаяу әскері алдымен симуляторда жаттығады. Бөлшектеп-құрастыруын білген соң дронды басқару дағдыларын меңгеруге кіріседі. Мынау «Инелік» деп аталатын үшу аппаратының пішіні шағын, салмағы жеңіл. Барлау жүргізуге қолайлы. Пилот Берік Сәрсенов жас сарбаздарға ұшқышсыз ұшу құралын жөндеуді де үйретеді.

Берік Сәрсенов, пилот:

- Бірінші сондай кезеңнен өткізіп, сарбаздарға матростарды оқытамыз. Одан кейін біз нағыз FPV-дрондарды ұшыруға рұқсат береміз. Ол FPV-дрондарды қазір біздің операторлар оқу-жаттығу кезінде алаңдарда өздері жинап, өздері құрып, ұшыра алады.

Ірі дрондар күшті зумы бар цифрлық камерамен жабдықталған. Олар ұрыс кезінде биіктен анық кадрларды барынша көрсете алады. Жауды нысанаға ілген бойда дрон-камикадзеге бағыт-бағдар сілтейді. Жалпы қарсыластың жеке құрамын, техникасын жоюда қашықтан басқарылатын жауынгерлік ұшу аппараты өз тиімділіген әлдеқайда дәлелдеген.

Әсет Жақсығалиев, Ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының аға операторы:

- Дрондарды шашып және жинауды, ұшыруды үйренуге арнайы уақыт бөлеміз. Ең қиын болған сәттердің бірі дронды ұшыру үшін сезімтал болу қажет. Өйткені дрон адамға бағынбайды деп айтсақ та болады. Жүйелі түрде дайындығымыз мықты болуы қажет.

Теңіз жаяу әскері оқудан кейін дрон басқару шеберлігін арнайы полигонда шыңдайды. Әр жаттығу ұрысқа мейлінше жақын жағдайда өткізіледі. Пилоттар өздеріне бекітілген аппаратты қалың түтін, түрлі кедергілерге қарамастан ешбір ақаусыз ұшыра білуі тиіс. Алғы шепке дрон көмегімен қару-жарақ жеткізу де аса маңызды тапсырма саналады. Қазір жауынгерлер соның қыр-сырын үйреніп жатыр.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz