Елде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны бес есе жеделдеді. Қазір 543,5 мың гектар алқапта заманауи суару жүйелері қолданылады.
Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде су үнемдеу технологиялары енгізілетін алқаптар жыл сайын 150 мың гектарға дейін артып отыр. Осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш жылына орта есеппен 30 мың гектарды құраған. Бүгінде ұңғыма бұрғылау, инфрақұрылым тарту және жабдық сатып алу шығындарын өтеу үлесі 50-ден 80 пайызға ұлғайтылды. Оған қоса суармалы суға сараланған тариф енгізілді. Алдағы үш жылда су үнемдеу жүйелерін пайдаланатын шаруалар үшін судың құнын субсидиялау көлемі елуден 85 пайызға дейін артады. Бұдан бөлек, 2026-2028 жылдарға саланы субсидиялауға бөлінетін қаражат алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есеге көбейді. Алдағы 4 жылда инновациялық суару технологиялары енгізілген алқап көлемін 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарда бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #су #технологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz