RU
Толық нұсқаға өту

Қоғамдық орында бет-ауызды тұмшалап жүруге болмайды

01.04.2026, 16:36 51

Қоғамдық орындарда бет-ауызды тұмшалап жүруге болмайды.

Тыйым балаклаваға, медициналық мақсаттан тыс маскаға, никабқа және адамның жүзін анық көруге кедергі келтіретін өзге де киім үлгілеріне қатысты. Былтыр Мәжіліс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң қабылдаған болатын. Құжат нені көздейді? 

Далада да, қалада да, тіпті онлайнда да бет-жүздерін тұмшалап, қара жамылған қыз-келіншектерді жиі кездестіруге болады. Қазақ ежелден ақ жаулықты ерекше қастерлеп келіп еді, алайда ұлттық болмысқа қара жамылу үрдісі еніп бара жатқаны елді алаңдатады. 

Кеңшілік Тышқанұлы, дінтанушы:

- Тәуелсіздік алған жылдары шет елдерге діни білім алу мақсатында шыққан азаматтар оқып келген кезде өз жұбайларына, әйелдеріне осы киімдерді кигізу шарт деп есептеді. Әсересе кейбір радикалды топтар мұны міндеттейді. Өтйкені ол сенім бойынша ер азамат өзінің әйелін өзге ер азаматтардан қызғану керек. 

Иә, никабтың негізгі отаны араб елдері. Ал ол жақта күн ыстық, әрі құмды жел соғады. Беттің терісі бұзылмауы үшін әйелдері тұрмақ, ерлері де бетін бүркейді. Ал біздің қазаққа никаб киетіндей не күн туды? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы бет-ауызды тұмшалау дінімізде құпталмайды дейді.

Елбек Тасболатұлы, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы:

- Ниқаб шариғатымыздың талабы емес. Тіпті Ханафи мазхабында ол ниқаб таралмаған. Ондай ниқаб тағып, өзін ерекшелеу дінімізде құпталмайды деп те ғалымдарымыз айтады.  Заңды ескере отырып, соған сай амал жасауға үндейміз адамдарды. Діннің талабы болмағандықтан қоғамдық орындарда қауіпсіздік үшін беттерін ашып жүргені дұрыс болады.

Елде бет-ауызды тұмшалап жүруге болмайды. Биылғы жылдың 2 наурызынан бастап, қоғамдық орындарда никабпен жүргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Шұғыла Тұрлыбек, ІІМ Баспасөз хатшысы:

- Бет жүзді бүркеп, қара жамылу қазаққа жат дүние. Оны Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы да атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл еліктеушіліктен, әсіре діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек деді. Ұлттық киімімізді дәріптеп, болмысымызды жоғалтпасақ, ұрпақ алдында ұтарымыз көп болады.

Әлішер Әли

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz