Жасанды интеллект жұмысқа орналасуды жеңілдетпек.
Жүйе азаматтың білімі мен тәжірибесіне қарай өзіне лайық жұмыс ұсынатын болады. Яғни бос жұмыс орындарын өзі іріктеп, бағыт береді. Бұл қызметтер Enbek.kz платформасы арқылы кезең-кезеңімен енгізілмек. Қазір жұмыспен қамтуға қатысты қызметтердің басым бөлігі онлайн форматқа көшірілген. Осылайша әлеуметтік-еңбек саласы толық цифрландырылып жатыр.
Бахтияр Жазықпаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Биылғы жылы жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту жоспарлануда. Оның ішінде зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, қандас мәртебесін беру және жұмыспен қамту шараларына жолдау қызметтері қамтылады. Бұл ретте жасанды интеллектті қолдану арқылы қалыптастырылған шешімдер ұсынымдық сипатта болатынын және тек қабылданатын шешімдердің сапасы мен объективтілігін арттыру мақсатында пайдаланылатынын атап өткен жөн.
Тегтер #жасанды интеллект #Бос жұмыс орындары #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz