RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында жол жөндеу ерте басталды

01.04.2026, 21:44 37

Қарағанды облысында республикалық және облыстық маңызы бар 500 шақырым жол жөнделеді.

Биыл құрылыс жұмыстары жылдағыдан ерте басталды. Бұл қыстан кейінгі ойылған асфальтты тезірек қалпына келтіру үшін жасалды.

Облыс орталығында ыстық асфальт-бетон қоспасын қолдана отырып, жолдың ой-шұңқырын жөндеу басталды. Бір ай ішінде үлкен даңғылдардағы жұмыстарды аяқтап, кейін шеткі көшелерге көшу жоспарланған. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 276 шақырым болатын кепілдік мерзімі бар жол учаскелері тексеріліп жатыр. Ақаулар анықталған жағдайда мердігерлер өз есебінен қалпына келтіреді.

Ержан Көкішев, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы:

- Бір айдың ішінде магистральдік жоладарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз. Сосын второстепенный көшелерге көшеміз. Жалпы бізде орташа жөндеу жоспарда 137 шақырым. 

Өңірде сондай-ақ негізгі тасжолдар, олардың бойындағы екі көпір мен бір өткел  жөнделеді. Биыл Сарань-Шахтинск және Шахан-Жаңаталап бағытындағы тозығы жеткен жолдар асфальтталып, Шерубай-Нұра өзені арқылы өтетін көпір жаңартылады. 

Ерболат Үмітқали, қала тұрғыны:

- Былтырғы жылы да біраз жолдар істелді, көрдік оны көзімізбен. Осы қалада жүреміз. Биыл да солай, міне көктем ерте басталғаннан кейін жолды да ерте бастап істеп жатыр. 

Биыл қаланың Оңтүстік-Шығыс ауданы мен Майқұдықты қосатын 6 шақырым жолдың құрылысын да аяқтау жоспарланған. Ол төрт жолақты болады. Бұл көлік кептелісін жойып, қаланың қос ауданы арасындағы қатынасты жақсартуға көмектеседі. Ал жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін көшелерге мыңға жуық жол белгісі қойылып, 86 мың шаршы метр жолақ сызылады.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz