Кеңгірге 11 милион текше метр су келді. Бұл – бетпақпен шектесетін Жезқазғанды тіршілік нәрімен қамтып отырған жалғыз су қоймасы.
Жасанды көл әлі де 40 миллион текше метр су қабылдауға әзір. Жалпы Ұлытауда тасқын кезеңі аяқталуға жақын. Көктемнің басында 27 елді мекен ерекше бақылауға алынған еді. «Қазір еш қауіп жоқ», - дейді төтенше жағдайлар қызметі.
Әлібек Әбілов, облыстың ТЖД басқармасының бастығы:
- Көктем мезгілінде ауа райының жайлы болуына байланысты, былайша айтқанда күндіз қар еріп, түнгі уақытта қата бастады. Сол себепті қалыпты және қауіпсіз жағдайда өтіп жатыр. Облыстағы өзендердің ағысы өз арнасымен бірқалыпты ағып жатыр.
Тегтер #Таңдаулы #Ұлытау #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz