Биыл Қостанай су қоймаларында жиналатын қор болжанған көлемнен аз болуы мүмкін. Қазір негізгі екі гидротехникалық нысан 69 пайыз толды.
«Әлі де шамамен 200 миллион текше метр су келуге тиіс», - дейді мамандар. Биыл қар күндіз еріп, түнде қатып, ылғалдың дені топыраққа сіңді. Сондықтан қоймалардағы суды үнемдеу қажеттілігі туындап отыр. Бүгінде Қаратомар және Жоғары Тобыл гидротехникалық құрылымынан санитарлық мақсатта өзенге секундына 3 текше метр ғана су жіберіліп жатыр. Алай мамандар: «Қолдағы қор халықты ауызсумен қамтамасыз етуге, шаруашылық қажетілігіне жұмсауға жеткілікті», - дейді.
Бақтияр Үсенов, «Қазсушар» РМК ОФ директорының міндетін атқарушы:
- Енді 70-75 пайызға дейін толтырамыз деп ойлаймыз. Бізге 80 пайыз қолайлы болар еді. Судың одан аз болған жылдары болды. Осы көлемде енді 100 миллион келсе де, 200 миллион келсе де біз оның бәрін қабылдаймыз.
Тегтер #су қоймалары #қор #Қостанай #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz