RU
Толық нұсқаға өту

Шопандарға әлеуметтік төлем төленеді

02.04.2026, 08:17 50

55 жастан асқан бақташылар мен шопандарға арнайы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл бастама 2026--2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарында ұсынылды.

Оған сай бақташылар мен шопандар ауыр әрі тұрақсыз еңбек жағдайында қызмет ететіндер тізіміне енгізіледі. Бастысы, қызметкер 55 жасқа толғанша 7 жыл бойы осы салада жұмыс істеуі керек. Кешенді жоспарда ветеринария мамандарының жалақысын көтеруге де басымдық берілді.

Қайрат Көшенов, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары:

- Ветеринариялық қызметті мүмкіндігімізше қолдауымыз керек. Оны дамытуымыз қажет. Сол себепті алдағы екі жылға жалпы ветеринариялық қызметті дамытуға, ветеринариялық нысандарды сатып алуға шамамен 66 млрд теңге бөлінді. Бұл өз кезегінде ветеринариялық қызметті, ветеринариялық қауіпсіздікті одан әрі жоғары сатыға көтереді деп есептейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz