Былтыр «Таза Қазақстан» акиясы аясында 840 мың тонна қоқыс шығарылды. Ел бойынша ұйымдастырылған 1200 экошараға 7 млн тұрғын жұмылдырылған.
Экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, 1 млн гектардан астам аумақ тазартылып, үш миллион түп ағашы отырғызылыпты. Telegram арнасындағы арнайы @TazaQazBot чатына 26 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл жер-жердегі мәселені жедел шешуге ықпал ететін бірден бір құрал. «Бұл –қазақстандықтардың экологиялық сананың біртіндеп қалыптасып келе жатқанының айғағы», - дейді министр Ерлан Нысанбаев. Жалпы «Таза Қазақстан» акиясы үш бағытты қамтыған. Оның бірі – ағартушылық қызмет. Мәселен, былтыр қоршаған ортаны қорғауға үндейтін үш мыңнан астам іс-шара өтті. Сонымен бірге 1600 волонтерлік жоба жүзеге асырылды.
Тегтер #TazaQazBot #чат бот #Таңдаулы #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz