RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Корея Қазақстанға жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға көмектеседі

02.04.2026, 13:00 43

Оңтүстік Корея Қазақстанмен тәжірибе бөлісіп, жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға көмектеседі. 

Меморандумға Сеулде Кореяның ұлттық жасанды интеллект ғылыми-зерттеу орталығы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылары қол қойды. Екі ұйым арасындағы ынтымақтастық былтыр басталған. Корея делегациясы елімізде болып, Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру үдерісімен танысқан. Ал бұл жолы Оңтүстік Корея астанасына барған қазақстандықтарға ұлттық жасанды интеллект ғылыми-зерттеу орталығы мен Сеулдегі жасанды интеллект және ақылды қалалар орталығының жұмысы көрсетілді.

Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы:

- Осы сапар барысында жасанды интеллектті дамыту бойынша өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат жасанды интеллект бойынша шешімдер енгізуге, мамандар оқытуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Қазір де жасанды интеллектті жұмысымызға енгізіп жатырмыз. Мысалы, 1414 байланыс орталығындағы AI-кеңесші әр бесінші қоңырауды өзі қабылдайды.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz