RU
Толық нұсқаға өту

Аутизмді ерте анықтау – тиімді оңалтудың кепілі

02.04.2026, 15:40 42

Елімізде аутизмді ерте анықтау жақсарды. Бұл туралы Ұлттық балаларды оңалту орталығының мамандары хабарлады.

Дәрігерлер ауытқуды сәбидің 6 айлығынан бастап байқай алады.Неврологтардың айтуынша, ерте диагностика оңалту әрі түзеу жұмыстарының тиімділігін арттырады. Орталық мамандары баланың 1 жас 4 айынан бастап скринингтік тесттер жасай бастайды. Қазір елде 14 жарым мыңнан астам балаға аутизм диагнозы қойылған. Алайда нақты көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін. Соңғы 5 жылда мұндай диагнозы бар балалар саны 3 есеге өскен. Бұған халықтың ақпараттық сауатының артуы, скринингтің жақсаруы және диагностикалық критерийлерінің кеңеюі әсер еткен.

Марина Кушкунбаева, Ұлттық балаларды оңалту орталығының невролог дәрігері:

- Аутизм диагнозын ерте қойған өте маңызды болып табылады. Егер баламен ерте жұмыс жасайтын болсақ, оны қоғамға дұрыс қосуға және бейімдеуге нәтижелі болып табылады. Біздің орталықта және бүкіл әлемде скринингтік жүйелер қатты дамыған. Біз M-CHAT-R тесттерін, ADOS жүргіземіз. Ол алтын стандарт болып табылады. Соларды жүргізіп пациенттерге ертерек диагноз қоямыз. Диагностикалық критерийлер кеңейе түсті. Бұрын біз тек қана ауыр түрлеріне, күрделі түрлеріне диагноз қоятын болсақ қазір жұмсақ, ерте кезеңдегі түрлеріне  диагноз қоюға мүмкіндігіміз пайда болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz