Жер жібіп, күн жылынғанда электр самокатын тізгіндейтіндер көбейеді. Енді самокат еріккеннің ермегі болмайды.
Жаңа талапқа сай, оны тізгіндеушілердің жасы 18-ге толуы керек. Бұдан былай жүргізуші куәлігі мен арнайы қорғаныш құралдары талап етіледі. Тиісті заң шілдеде күшіне енеді. Қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда, жаза қарастырылған. Былтыр 10 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар самокатты пайдалану тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Егер талап сақталмаса, 20 айлық есептік көрсетіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал заңбұзушылық тағы қайталанса, айыппұл 1,5 есе артады. Жол жиегіне шығып көлік қозғалысына кедергі келтірсе 3, оны жалға беруші компания 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #самокат #Заң мен тәртіп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz