Биыл өндіріс ошақтарында 236 жұмысшы жарақат алып, соның 25-і көз жұмды.
Әсіресе Абай облысы, Ақтөбе, Ұлытау, Жамбыл және Маңғыстау өңіріндегі статистика көңіл көншітпей тұр. Адам өміріне қауіп төндіру бойынша бүгінде мыңнан астам іс құқық қорғау органдарына жолданып, 294 қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік ережесін елемеу мен тозығы жеткен құрал-жабдықтарды қолдану қайғылы жағдайлардың басты себебі. Осыған орай елде 2030 жылға дейін еңбек қауіпсіздігі тұжырымдасы бекітілді. Құжат әр қызметкердің бас амандығымен қатар жайлы еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалды. Аталған жүйеге елдегі өндірістік жарақат қаупі жоғары 95 мыңнан астам мекеме тіркелді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #өндіріс #қауіпсіздік техникасы #жарақат #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz