Жаңа Ата заң саяси жүйені жаңғыртуға және азаматтардың құқығын кеңейтуге бағытталған.
Басты құжаттағы бұл өзгерістер қоғам өміріне әсер ететін маңызды қадам, - дейді сарапшылар. Жаңа преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленді. Егемендік пен Тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды. Ал әділеттілік, заң мен тәртіп, сынды қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді. Сонымен қатар алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізілді. Отбасы институтына қатысты да арнайы тармақ қарастырылған. Онда неке, ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы, деп көрсетілген.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Наурыздың 15-інде қабылданған жаңа Конституцияның басты принципі - азамтттардың мүдделерін, бостандықтарын қорғау. Бұл декларативтік түрде емес, Конститцуяиынң кез келген бабында біз азаматтарымыздың құқықтарын нақты қорғайтын нақты тетіктерді көре аламыз. Бұл біздің азаматтарға, әсіресе сот жағдайында Констиуицияның баптарын пайдала отырып бір шешімге келуі мүмкін. Яғни жаңа Конституция кез келген уақытта азаматтарымыздың құқықтары. қорғайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конституция #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz