RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да санитарлық-экологиялық айлық жарияланды

02.04.2026, 22:00 44

Батыс Қазақстан облысында санитарлық-экологиялық айлық жарияланды.

Оралдың коммуналдық шаруашылықтары көшелер, саябақтар мен арықтарды күл-қоқыстан тазалай бастады. Айлық барысында рұқсат етілмеген жерлерге төгілген тұрмыстық қалдықтарды шығарып, гараж кооперативтері мен саяжай аумақтарын ретке келтіру жоспарланған. Биыл облыс бойынша 47 мың түп ағаш егіледі. Бүгін қала саябақтарының бірінде алғашқы қылқан жапырақты көшеттер егілді.

Асылжан Хайруллин, Қалалық ТКШ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі таңда 15 шырша егілуде, сонымен қатар жалпы сенбілік аясында бізде қала аумағында 24 аймақты тазалау жоспарлануда. 3 мыңға жуық жасыл желектерді отырғызу жоспарда бар.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz