RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан жылына 2 млн тонна тұз өндіреді

02.04.2026, 23:30 33

Қазақстан жылына 2 млн тоннадан астам тұз өндіреді. Негізгі кен орындары елдің батысында орналасқан.

Олардың қатарында Арал теңізі, Индер көлі, сондай-ақ Үлкен Қалқаман және Үлкен Тобылжан көлдері бар. Бұл шикізатты төрт ірі кәсіпорын өндіріп, өңдейді. Елде теңіз тұзы, бассейндік тұз, тас тұзы және қайнатпа тұз өндіріледі. Сонымен қатар таблеткаланған тұз, түрлі ұнтақталған тұз түрлері, нитритті тұз, йодталған тұз және жолдарға себуге арналған техникалық тұз шығаратын кәсіпорындар бар. Жалпы өнімнің тең жартысынан астамы экспортқа шығарылады. Бұл салада әлемдік лидер Қытай. Олар жылына 50 млн тоннадан астам тұз өндіреді. Одан кейінгі орында 40 млн тонна көрсеткішпен АҚШ орналасқан. Үздік үштікті Үндістан түйіндеп тұр. Ондағы жылдық өндіріс көлемі 30 млн тонна шамасында. Аталған үштік әлемдік нарықтың тең жартысын қамтиды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz